Оның айтуынша, кішкене өзгерістерге қарамастан, сала оң динамиканы көрсетті.
«Жедел деректерге сәйкес, көтерме және бөлшек саудадағы тауар айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті. Бұл миллиардтаған теңге», — деді Шаккалиев.
Сондай-ақ, ол ішкі тауар айналымының өсіп жатқанын, ал экспорттың биылғы 9 айда 9,8%-ға артқанын хабарлады.
Министр жалпы сауда оң динамиканы көрсетіп отырғанын және үкіметтің оның жалғасын күтетінін атап өтті.