zakonkz.com

Биржада доллар 515 теңге шамасында сатылуда.

Астанадағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларының максималды сату курсы 527 теңге, ал Алматыда 526 теңге болды.
Биржада доллар 515 теңге шамасында сатылуда.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 25 желтоқсанда сағат 11:00-де доллардың орташа бағамы 514,97 теңгені құрады. Бұл туралы Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды.

kurs.kz мәліметтері бойынша, Астанадағы айырбастау пункттерінде американдық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 11:15-те 527 теңге, Алматыда – 526 теңге болды.

25 желтоқсандағы Ұлттық банктің ресми бағамы 1 доллар үшін 515,89 теңгені құрайды. Келесі күні доллардың теңгеге қатысты ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижелері бойынша анықталады.