6 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы 11:00-де 516,49 теңгені құрады. Бұл туралы Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды.
kurs.kz мәліметтері бойынша, Астанадағы айырбастау пункттерінде американдық валютаның сату бағамы 11:15-те 526 теңге, Алматыда – 526 теңге болды.
6 желтоқсандағы Ұлттық банкінің ресми бағамы 1 доллар үшін 524,65 теңгені құрайды. Келесі күні доллардың теңгеге қатысты ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижелері бойынша белгіленеді.