zakonkz.com

Саудаға Zharkent su және Тулпар компаниялары шығарылды.

Электронды аукцион 12 желтоқсанда өтеді.
Саудаға Zharkent su және Тулпар компаниялары шығарылды.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясында» 12 желтоқсанда екі актив бойынша сауда өтетіні хабарланды. Оның бірі – Алматыда орналасқан «Zharkent su» су жинау және тарату кәсіпорны. Бастапқы баға 504 168 279,00 теңге, кепілдік жарна: 75 625 242,00 теңге.

Саудаға шығарылған екінші компания - Алматыдағы «Тулпар» ЖШС, ол жылу энергиясын өндірумен айналысады. Бастапқы баға - 1 004 752 815,00 теңге, кепілдік жарна - 150 712 922,00 теңге.

Айта кетейік, екі компания да 2024 жылдың 26 қарашасында саудаға шығарылған болатын.

Сонымен қатар, бұған дейін осы кәсіпорындарды басқару компаниясынан 262 млн теңге түскені туралы хабарланған.