Әкімдікте биылғы орташа айлық жалақы 468 мың теңге болды деп есептеді, ал еліміз бойынша орташа жалақы 392,6 мың теңгені құрайды. Номиналды түрде жалақы 15,5 пайызға өсті, ал инфляцияны ескере отырып, нақты түрде 5,7 пайызға артты.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында номиналды ақшалай табыс орташа 22 пайызға 292 мың теңгеге өсті, ал еліміз бойынша 9,2 пайызға 201,1 мың теңгеге артты. Нақты түрде өсім 11,6 пайызды құрады.
Алматы экономика басқармасында жылдық инфляция тамызда 8,6 пайыздан қыркүйекте 8,3 пайызға баяулағанын хабарлады. Бұл азық-түлік тауарларының бағасының 7,7 пайызға және азық-түлік емес тауарлардың 5,6 пайызға өсуінің баяулауымен байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляцияның 7,5-8 пайызға, ал 2025 жылы 6,5-7,5 пайызға дейін баяулауы күтілуде.
2024 жылдың 9 айында Алматыда 50,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 77,9 пайызын – тұрақты жұмыс орындары құрайды.