Белгілі болғандай, Kids Go Free бағдарламасы Қазақстандағы ішкі туризмді дамытып, отбасылық саяхатты насихаттайды.
Балалардың авиабилеттерін есептемегенде, турлар 415,6 миллион теңгеге сатылды. Бұл ретте мемлекет 114,5 миллион теңгені немесе сатылған турлардың құнынан 28%-ын өтеді.
Бағдарламадағы ең танымал бағыт — Алакөл көлі. Тегін билеттермен оны 700-ден астам бала аралады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.
Екінші орында Алматы және Алматы облысының көрнекті орындары. Мұнда келушілер саны 24%-ға өсті. 330-дан астам отбасы осы бағыт бойынша 135 миллион теңгеден астам сомаға турлар сатып алды, ал балалардың авиабилеттері бойынша өтелген сома 41,6 миллион теңгені құрады.
Үшінші орында Щучинск-Боровое курорттық бағыты мен астана. Мұнда адамдар тек жазда ғана емес, қысқы демалыс кезінде де барады.