zakonkz.com

Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты, деп хабарлайды Bizmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты.

Қазақстан Президенті «Әзірбайжан әуе жолдары» компаниясына тиесілі ұшақтың Маңғыстау облысында апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаждың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды терең өкінішпен қабылдады.

«Орны толмас жоғалтуға ортақтасып, қайтыс болғандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Әзірбайжан халқына шын жүректен көңіл айтамын. Менің тапсырмам бойынша Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды, ол құтқару операциясы аясында қажетті шараларды қабылдайды, сондай-ақ әзірбайжан тарапына алдағы уақытта қажетті қолдау көрсетеді», — делінген телеграммада.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау қаласының әуежайына жақын жерде «Embraer EMB 190» ұшағы, «Әзірбайжан әуе жолдары» компаниясына тиесілі, апатқа ұшырады. Соңғы ақпараттарға сәйкес, AZAL авиакомпаниясының брифингінде айтылғандай, апатта 32 адам аман қалды.