Жаңа стратегия Қазақстанның қаржы жүйесінің цифрлық трансформациясы саласындағы жетекшілік позицияларын нығайтуға бағытталған. Жоспар цифрлық орталық банк құруды, нарықтың барлық қатысушыларына цифрлық инфрақұрылымға тең қол жеткізуді қамтамасыз етуді және деректермен жұмыс істеудің заманауи әдістерін енгізуді көздейді. Сонымен қатар, процестерді стандарттау және жаңа технологияларды дамыту арқылы реттеуші жүктемені азайту жоспарлануда.
Стратегия аясында 100-ден астам жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жобалар алдыңғы қатарлы инфрақұрылымды дамыту, орталықтандырылған ИТ-қызметтерді құру, деректерді басқаруды жақсарту және икемді басқару әдістерін енгізуді қамтиды. Бұл қаржы жүйесін модернизациялауға, оның ашықтығын, қолжетімділігін және тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Кеңес барысында банктер мен басқа да қаржы ұйымдарына есептілік беру жөніндегі нормативтік актілердегі өзгерістер де талқыланды. Мұның бәрі реттеушінің және нарықтың қатысушыларының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.