Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжілісте өткен брифингте жедел медициналық көмек көрсету қызметінің жұмысын заңнамалық деңгейде өзгерту жоспарланбайтынын растады. Сондай-ақ, ол мемлекеттік кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін болып қалады, жұмыс режимі 24/7.
«Ашық НПА» сайтында ұйымдастыру, қаржыландыру және жұмыс режиміне өзгерістер енгізілмейтін заң жобасы талқылауға шығарылды.
Қазіргі уақытта жедел медициналық көмек көліктерін сатып алу жоспары бар, себебі көмек көрсету ұйымдастыруында және қолжетімділігінде проблемалар бар, әсіресе өңірлерде. Бұл мәселе атқарушы органдармен және депутаттармен талқыланды. 336 автокөлік сатып алу жоспарлануда.
Келесі жылы жедел медициналық көмек көрсету бойынша жаңашылдықтар күшіне енеді, онда шақырудың 4 санаттылығы анықталған:
- 1-санаттағы шақыру – науқастың өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдай, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді;
- 2-санаттағы шақыру – науқастың өміріне медициналық көмексіз потенциалды қауіп төндіретін жағдай;
- 3-санаттағы шақыру – науқастың денсаулығына медициналық көмексіз потенциалды қауіп төндіретін жағдай;
- 4-санаттағы шақыру – науқастың жедел ауруы немесе созылмалы аурудың асқынуы, органдар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылулары болмаса, науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және потенциалды қауіп төндірмейтін жағдай.
Ұсынылған жаңа ережелерге сәйкес, жедел жәрдем 4-санаттағы шақыруларға тәулік бойы емес, жұмыс күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін шығатын болады.