Қазақстанның ұлттық дәстүрі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Tengri Life.
Парагвайдың астанасы Асунсьонда өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында тарихи шешім қабылданды. Ежелгі қазақ рәсімдерінің бірі – беташар, адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне кірді. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин хабарлады.
Беташар дегеніміз не?
Беташар – бұл дәстүрлі неке рәсімі. Ол жас келіннің жаңа өмір белесін бастағанын, яғни ол күйеуінің отбасына қосылғанын білдіреді. Рәсім той кезінде өтеді және өзіне тән атмосферасы мен сакральды маңызы бар.
Рәсім кезінде келінді жиналған туыстарына және қонақтарына таныстырады. Ол арнайы неке киімін киіп, беті орамалмен немесе арнайы жабынмен жабылған. Рәсімнің басты сәті – орамалды шешу. Бұл әрекет отбасының үлкендерінен берілген баталар мен арнайы шақырылған әншінің орындауындағы дәстүрлі әндермен сүйемелденеді. Ол келінге және оның отбасына ақ тілектер мен бата сөздерін айтады.
Айта кетейік, осы жылдың мамырында Қазақстан Президенті ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне "салбурын" және "беташар" ұлттық дәстүрлерімізді енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
"Жас ұрпақ өз тарихы мен дәстүрлерін терең білулері, өткеннен сабақ алулары тиіс. Жалпы, елде тарихи-мәдени мұраны сақтау және көбейту бойынша үлкен және мұқият жұмыс жүргізілуде. Жуырда көп жылдан бері алғаш рет материалдық емес мәдени мұралардың ұлттық тізімі едәуір кеңейтілді", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.