Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) орбитасы ғарыштық қоқысқа соқтығыс қаупінен түзетілді, деп хабарлайды Tengri Life.
Роскосмос Telegram-каналының мәліметі бойынша, соқтығысудан сақтану үшін ХҒС орбитасы шамамен 800 метрге көтерілді.
"23:09 мск (Астана уақытымен 01:09) 'Прогресс МС-28' жүк кемесінің қозғалтқыштары қосылды, олар 330,90 секунд жұмыс істеп, секундына 0,5 метр импульс берді, бұл ХҒС орбитасын шамамен 800 метрге көтеруге мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.
Маневрді жүргізгеннен кейін станцияның айналу кезеңі 92,86 минутты құрады, орбита көлбеулігі - 51,66 градус, орбитаның орташа биіктігі - 417,35 шақырым, минималды - 416,20 шақырым, максималды - 430,86 шақырым.
Бұған дейін біз Халықаралық ғарыш станциясында Роскосмос космонавттары Алексей Овчинин, Иван Вагнер және Александр Горбунов, NASA астронавттары Дональд Петтит, Ник Хейг, Барри Уилмор және Сунита Уилльямс қатысатын 72-ші ұзақ экспедицияның экипажы жұмыс істеп жатқанын жазған болатынбыз.
Естеріңізге сала кетейік, Tengrinews.kz тілшілері Байқоңыр жабық қаласына барып, оның тұрғындарының өмірін біліп, зымыранның ұшуын көруге мүмкіндік алды. Толығырақ материалда.