Аспаздық, мерекелік шырақтар мен конфетти адамға зиянды ұшпа химиялық заттарды шығарады. Мамандар жылдағы ең улы мерекені атады - Жаңа жыл, деп хабарлайды Tengri Life Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Аспаздық кезінде пайда болатын денсаулыққа зиянды заттар газды пештерді бірнеше сағат бойы қолданғанда азот диоксидін шығарады. Газ пештері ғана емес, электр пештері де қауіпті - олар атмосфераға 100 нанометрден аз мөлшердегі ұсақ бөлшектерді шығарады, олар біздің тыныс алу жолдарымызға терең енеді.
Мерекелік хош иістермен, мысалы, даршын мен омела, безендірілген сәнді шырақтар ұшпа химиялық заттарды шығарады, тіпті алғашқы көзқараста зиянсыз болып көрінетін мерекелік конфетти ауаға өте кішкентай бөлшектерді тастайды.
"Жаңа жыл, мүмкін, жылдағы ең улы күн. Бұл Лондонның жанданып жатқан жолының жиегінде төрт сағат тұрудың әсеріне тең, мұны көпшілік жасамас еді", - дейді Эссекс университетінің ластану жөніндегі сарапшысы Ян Колбек.
Зерттеулер біздің жақсы оқшауланған, жабық үйлеріміздің басты мерекеге дайындық кезінде денсаулық үшін әлеуетті қауіпті екенін көрсетеді.
Мәселені шешудің жолы үй өсімдіктері болуы мүмкін, олар ішкі ауада айналатын булардың бір бөлігін сіңіре алады. Ғалымдар сондай-ақ аулада қайың ағаштарын отырғызуды ұсынады - олар ластануды екі есе азайтады.
Ластану - жалғыз қауіп емес: сақтандыру компаниялары үшін Жаңа жыл - түнгі қорқыныш. Олар мерекелеу кезінде болған өрттер мен жарақаттарға байланысты жыл сайын үлкен сомаларды өтейді.