Telegram мессенджері арқылы жаңа алаяқтық схемасы туралы Ресейдің құрметті заңгері Иван Соловьев "Прайм" агенттігіне айтып берген, деп хабарлайды Tengri Life.
Оның айтуынша, алаяқтар пайдаланушылардың Telegram аккаунттарын ұрлап, содан кейін олардың байланыстарына "сыйлық" ретінде Telegram Premium - мессенджердің артықшылықты нұсқасына жазылым жібереді.
"Кейін мессенджердің сілтемесіне ұқсас сілтеме келеді. Оған өту аккаунттың бұзылуына әкелуі мүмкін, нәтижесінде ақша мен жеке деректердің ұрлануы орын алады. Сонымен қатар, Telegram аккаунтынан да айырылуыңыз мүмкін. Алаяқтар оны басып алып, пайдаланушының атынан ақша аударуды сұрайтын хабарламалар жібереді", - деп түсіндірді сарапшы.
Алаяқтардың екі-үш сатылы алдау схемаларын қолдануы да мүмкін. Себебі, мессенджерлердің бірінде аккаунтын жоғалтқан жертваға бұл ақпаратпен жалған құқық қорғаушылар телефон шалады, шоттарды дереу "құтқаруды", ақша аударуды, айна кредиттер алуды және өз тұрғын үйін сатуды ұсынады.
"Сақ болыңыз, бақытсыздық бір ғана сілтемеге абайсызда өтуден басталуы мүмкін. Премиум жазылым түріндегі сыйлыққа қатысты, жомарт сыйлық берушіге кәдімгі телефонмен хабарласудан тартынбаңыз. Егер ол сыйлық жіберуші ретінде көрсетілмесе, онда бұл алаяқтық", - деп ескертті Соловьев.