zakonkz.com

2026 жылы ақылы жолдар бюджетке 100 млрд теңге табыс әкелуі мүмкін.

Қазақстанда ұзындығы 3 мың 200 шақырымды құрайтын ақылы жол жүйесі жұмыс істейді. Көлік министрі үкімет отырысында бұл жолдардың бюджетке қанша кіріс әкелетінін айтты, деп хабарлайды Bizmedia.kz тілшісі.
2026 жылы ақылы жолдар бюджетке 100 млрд теңге табыс әкелуі мүмкін.

«Бюджетке жүктемені төмендету және өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында, реконструкция және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде «ақылы жол» статусы кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазіргі уақытта еліміз бойынша ұзындығы 3 мың 200 километр болатын ақылы жол жүйесі жұмыс істейді. 2024 жылы кіріс 48 миллиард теңгені құрады», — деп атап өтті Марат Карабаев.

Оның айтуынша, биыл қосымша 4 мың километр ақылы учаскелер енгізілетін болады, олардың кірістері 60 миллиард теңге, ал келесі жылы 100 миллиард теңгеге жетуі мүмкін.

Бұл қаражаттың қандай мақсаттарға жұмсалатыны туралы айта келе, министр «ақылы жолдардан алынған қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған кредиттердің пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге бағыттау мәселесі қарастырылып жатқанын» атап өтті.