Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) қазақстандық блогерлердің кірістерін төмендету бойынша камералдық бақылау хабарламаларын орындау шараларын жүргізуде. Камералдық бақылаудың мәні салық төлеушіге өз еркімен кірістерін декларациялап, есептелген салықтарды төлеуге мүмкіндік беру немесе анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда түсініктеме беру болып табылады.
МКК өкілдері тексеру шаралары барысында 12 блогер қосымша кірістерін 1,4 миллиард теңге көлемінде декларациялап, 73,6 миллион теңге салық төледі деп атап өтті.
Бүгінгі таңда 854 блогерге «кірістерді төмендету» бұзушылығы бойынша камералдық бақылау хабарламалары жолданды, олардың жалпы сомасы 71,9 миллиард теңге, орындалу мерзімі 30 жұмыс күні болып белгіленген.
Көрсетілген сомалар төленбеген салықтар емес, блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды кірістер болып табылады. Салық сомалары салық заңнамасында белгіленген тиісті ставкаларға сәйкес ұсынылған декларацияларға негізделіп есептеледі.