Казгидромет мәліметтері бойынша, қардың еруі мен өзендердің деңгейінің көтерілуін ескере отырып, келесі облыстарда су тасқынының жоғары қатері болжануда: Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары.
Сонымен қатар, биыл көктемде су тасқынының орташа және төмен қатері бар өңірлер анықталды.
Орташа су тасқынының қатері: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Атырау облыстары.
Төмен су тасқынының қатері: Павлодар, Маңғыстау және Қызылорда облыстары.
Өткен жылы су тасқыны ел бюджетіне үлкен материалдық зиян келтірді. Әсіресе, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары қатты зардап шекті. Биыл өткен жылғы апаттың қайталануына жол бермеу қажет. Осы мақсатта ТЖМ-да құтқарушылардың жұмысында су тасқынын модельдеу жүйесін енгізу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, ол үшін жер бедерінің цифрландыруы жүргізілуде.