zakonkz.com

Айбол Абикен жаңа клубын таңдады.

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Абикен қызылордалық «Қайсар» клубына ауысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sports.kz Aladop телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Айбол Абикен жаңа клубын таңдады.

2024 жылғы КПЛ маусымында Айбол Абикен Шымкенттің «Ордабасы» командасында 25 матч өткізді.

Айта кетейік, Шымкентке келгенге дейін Абикен допинг қолданғаны үшін дисквалификацияда болды, ал бұған дейін Алматының «Қайрат» және Павлодардың «Ақсу» командаларында өнер көрсетті. Ол Қазақстан чемпионы және ел Кубогының екі дүркін иегері.