zakonkz.com

Америкалық журналистер 2024 жылдың ең үздік боксшысын таңдады.

Өткен жылдың үздік боксшысы украиналық супер ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик атанды. Еске салайық, 2024 жылы Александр Тайсон Фьюриға қарсы екі жекпе-жек өткізіп, судьялардың шешімімен жеңіске жетті.
Америкалық журналистер 2024 жылдың ең үздік боксшысын таңдады.

Америкадағы бокс жазушылары қауымдастығы (BWAA) 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды таңдады, деп хабарлайды Sports.kz.

Өткен жылдың ең үздік боксшысы украиналық супер ауыр салмақтағы, әлем чемпионы Александр Усик атанды. Еске сала кетейік, 2024 жылы Александр Тайсон Фьюриге қарсы екі жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Сонымен қатар, мамыр айындағы Усик — Фьюри жекпе-жегі BWAA нұсқасы бойынша «Жылдың жекпе-жегі» деп танылды.

Америкалық маман Роберт Гарсия «Жылдың жаттықтырушысы», ал Усиктің менеджері Эгис Климас «Жылдың менеджері» атанды.