Мемлекет басшысының Жарлығымен Иргалиев Асет Арманович Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Басқа Жарлықпен Шаймарданов Жандос Нурланович Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.
Иргалиев Асет Арманович 1986 жылдың 18 маусымында Қостанайда дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітіріп, сол жылы Швецияның Йонкопинг университетінде халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесін алған. Йорк және Ноттингем университеттерінде экономика бойынша ғылым магистрі және философия магистрі дәрежелеріне ие. 2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Швецияның Халықаралық бизнес мектебін бітіріп, 2009 жылы Йорк университетін, 2010 жылы Ноттингем университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист.
2010-2011 жылдары - Лондондағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің экономикалық департаментінде Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша экономикалық саясаттың өңірлік аналитигі;
2011-2012 жылдары - Лондондағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің экономикалық департаментінде өңірлік экономист; Еуропалық қайта құру және даму банкінің экономикалық департаментінің бас өңірлік аналитигі;
2013-2016 жылдары - АО «Экономикалық зерттеулер институты» кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры, вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
2016 жылы - АО «Экономикалық зерттеулер институты» басқармасының төрағасы;
2016 жылы - АО «НУХ «Байтерек» басқармасының төраға кеңесшісі;
2016-2018 жылдары - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі;
2018 жылы - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі;
2018-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі;
2019 жылы - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі кеңсесінің орынбасары;
2019-2021 жылдары - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі;
2021-2022 жылдары - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;
2022-2023 жылдары - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
2023-2024 жылдары - Қазақстан Республикасының экономикалық мәселелері жөніндегі президент кеңесшісі;
2024-2025 жылдары - Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдардағы тұрақты өкілі;
2025 жылдың 28 ақпанынан бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.