zakonkz.com

Жамбыл облысындағы медициналық мекемелердің автопаркі жаңа техникамен толықты.

85 жылдық мерейтойын атап өту аясында Жамбыл облысындағы медициналық мекемелердің автопаркі жаңа автокөліктермен толықты, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Жамбыл облысындағы медициналық мекемелердің автопаркі жаңа техникамен толықты.

Облыс әкімі Ербол Карашукеев Жамбыл облысының 85 жылдығын мерекелеу аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 20 автокөліктің кілтін тапсырды.

Жедел жәрдем көліктері Байзақ (2 көлік), Жамбыл (3), Жуалы (3), Кордай (2), Т. Рыскулов (3), Мерке (2), Сарысу (3), Талас (3), Мойынқұм (3), Шу (3) аудандарындағы медициналық мекемелерге, Тараз қаласындағы көпсалалы ауруханаға және консультативтідиагностикалық орталыққа, облыстық медициналық орталықтарға берілді. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 13 қызметтік көлік сатып алу жоспарланып отыр.

Аймақта жедел жәрдем көліктеріне қажеттілік 272 бірлікті құрайды. Аудандық медициналық мекемелердің балансында 235 көлік бар, олардың 112-сі ескі автокөліктер. Мәселені шешу үшін жыл сайын медициналық мекемелердің автопаркін жаңартуға қаражат бөлінеді.

Өткен жылы облыста 24 медициналық нысан салынды, олардың 10-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды модернизациялау» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды. 11 нысанның капиталды жөндеуі жүргізілді. Биыл ұлттық жоба аясында 3 нысан пайдалануға берілді.