zakonkz.com

Әзербайжан банктері әуе апатында қаза тапқан азаматтарының несиелерін жауып берді.

Trend агенттігі хабарлағандай, Әзербайжан банктерінің ассоциациясы мен Әзербайжанның микроқаржыландыру ассоциациясы Ақтау маңында апатқа ұшыраған азаматтарының кредиттік міндеттемелерін жапты, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Әзербайжан банктері әуе апатында қаза тапқан азаматтарының несиелерін жауып берді.

Хабарда айтылғандай, «Әзірбайжан әуе жолдары» компаниясының Баку-Грозный рейсін орындап жатқан ұшағының апатқа ұшырауы Әзірбайжан банктік қауымдастығын терең күйзелтті және қайғыртты.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Әзірбайжан Республикасының Орталық банкінің ұсынымы бойынша, апатта қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының несиелері банктер мен МҚҰ тарапынан толықтай жойылды.

Сонымен қатар, қаза тапқандардың отбасыларына Azerbaijan Airlines 11 миллион теңгеден астам қаржы төлейді.