Қазақстандық боксшы қыз Балауса Муздиман отандасы Ангелина Лукаспен жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz SPORT+ сілтемесімен.
«Ангелина жекпе-жектен қандай да бір себепсіз қашып жүр. Бірақ мен сені нокаутпен жеңетініме сенімдімін. Егер нокаут жасамасам, онда барлық гонорарымды беруге дайынмын. Сен ешқашан бір жекпе-жекте 100 мың доллар алмадың, және алмайсың. Сондықтан осы жекпе-жекке келіс», - деді Балауса.
Instagram-да осы жарияланымды қарауUlya | Бокс промоутері (@milaulya_) жарияланымы
Еске салайық, бұған дейін Fight Nights бокс лигасының жетекшісі Камил Гаджиев принципиалды қарсыластар – Ангелина Лукас пен Балауса Муздиман арасындағы Қазақстанда бокстық реваншты ұйымдастыру идеясынан бас тартқанын мойындады, алайда бұған дейін әр спортшыға 50 мың доллар гонорар беруге дайын екенін мәлімдеген болатын.