zakonkz.com

«Барселона» Ламину Ямалға қатысты маңызды шешім қабылдады.

El Chiringuito мәліметтері бойынша, испан футболшысының жаңа келісімшарты бойынша жалақысы € 7-8 млн құрайтын болады. Осылайша, Ямаль каталондық клубтың шабуылшысы Роберт Левандовски мен жартылай қорғаушы Френки де Йонгтан кейінгі үшінші ең көп жалақы алатын ойыншы болады.
«Барселона» Ламину Ямалға қатысты маңызды шешім қабылдады.

«Барселона» жазда 18 жасқа толатын Ламин Ямал мен еңбек келісімін ұзартпақ, деп хабарлайды Sports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

El Chiringuito ақпаратынша, испан футболшының жаңа келісімшарты бойынша жалақысы € 7-8 млн болады. Осылайша, Ямал каталон клубының Роберт Левандовски мен Френки де Йонгтан кейінгі үшінші ең жоғары жалақы алатын ойыншысы атанбақ.

17 жастағы футболшының «Барселонамен» жасалған қазіргі келісімі 2026 жылдың жазына дейін жарамды. Биылғы маусымда Ямал барлық турнирлерде 28 матчқа қатысып, 10 гол және 12 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, шабуылшының нарықтағы бағасы € 180 млн.