Bereke Bank Women in Tech Global ұйымымен серіктестік келісімшартқа қол қойып, Осака (Жапония) қаласында өтетін Women in Tech Global Summit саммитінде Қазақстан делегациясының ресми демеушісі болады. Саммит 60-тан астам елдің мамандарын жинайды, оның барысында қазақстандық әйелдердің технологиялар саласындағы жетістіктерін көрсету үшін бірегей мүмкіндік туындайды.
« Bereke Bank білім беру, қазақстандық қыздардың технологиялық жобаларды дамытуға мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қоғамымыздың дамуына үлес қосуға сенімді. Біздің қыздар өте талантты және табысты, кәсіпкерлік қабілеттері жоғары, өздерінің start up- жобаларын жасап, нарықтарды бағындырып жатыр. Біз Woman in Tech бастамаларын қолдаймыз және Қазақстан делегациясының қыздарына технологиялар саласындағы жаһандық көшбасшылармен бірігіп, өз жобаларын көрсету, көкжиегін кеңейту және болашақ инновацияларға сенімді түрде қадам басу мүмкіндігін береміз» , - деп атап өтті «Bereke Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алина Аникина .
Қазақстан делегациясын демеушілік ету ынтымақтастықтың алғашқы кезеңі болып табылады, әрі қарайғы жоспарларда Women in Tech Қазақстанның қыздарын ИТ-технологиялар, қаржы және цифрлық жобаларды дамытуда жаңа дағдылармен қамтамасыз ету бағытындағы коллаборациясы бар.

«Біз Bereke Bank жаңа серіктестердің арасында көргенімізге қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастығымыз – Қазақстан мен Орталық Азияда технологиялар мен инновацияларда табысқа жетуіне шабыттандыру миссиясын орындаудағы маңызды қадам» , - деді Women in Tech Global Аюми Мур Аоки.
Women in Tech Global — гендерлік теңсіздікті қысқартуға және әйелдерді әртүрлі салаларда, соның ішінде: IT-технологиялар, қаржы, инженерия және ғылыми бағыттарда белсенді қатысуға көмектесуге арналған халықаралық коммерциялық емес ұйым. Ұйымның негізгі жұмыс бағыттары: білім беру, бизнес, цифрлық инклюзия, тең мүмкіндіктерді қорғау және насихаттау.

Қазақстандық бөлім 2024 жылдың қыркүйек айында ашылды. Women in Tech ұйымының мүшесі болу үшін ақы төлеудің қажеті жоқ, тек платформада тіркелу жеткілікті.
«Қазақстандық бөлім мықты, тәуелсіз және талантты әйел көшбасшыларын дамыту және тәрбиелеу үшін құрылған. Біз Қазақстандағы әйелдер жаңа білім мен дағдылар алып, тәжірибе алмасып, бірлескен жобалар мен коллаборациялар үшін мүмкіндіктер таба алатын күшті және қолдаушы қауымдастық құруды жоспарлап отырмыз», - деп бөлісті Women in Tech Қазақстан Бөлімінің директоры Асем Болатжан.
Айта кету керек, Bereke Bank жаңа дағдыларды дамыту, өнімді әзірлеудің икемді әдістерін енгізу үшін елеулі күш-жігер жұмсап, нарықта SAFe операциялық моделіне толықтай жұмыс істейтін алғашқы банктердің бірі болып табылады. Банк көптеген бағыттар бойынша сертификатталған сарапшылардан құралған мықты командаға ие, олар өз білімдерін тек компания ішінде ғана емес, сонымен қатар нарықта бөлісіп, жаңа дағдыларды меңгеруге көмектеседі.