zakonkz.com

Астана қаласындағы АФМ департаменті АҚШ-тан есірткі жеткізу арнасын жойды.

АҚШ-тан тұтыну тауарларының пошта жүктемелері түрінде аса ірі көлемде есірткі және психотроптық заттардың жеткізілуі Нұр-Сұлтан қаласының АФМ Департаменті тарапынан тоқтатылды, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Астана қаласындағы АФМ департаменті АҚШ-тан есірткі жеткізу арнасын жойды.

Кедендік бақылау аймағында уақытша сақтау қоймасында қызметтік-іздестіру итін пайдаланып жүргізілген тексеріс барысында жалпы салмағы шамамен 1 кг болатын «гашиш» наркотикалық заты табылып, тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізілген мониторинг нәтижесінде сол алушылардың атына АО «Казпочта» қалалық филиалдарының бірінде тағы бір посылка бар екендігі анықталды. Посылкадан жалпы салмағы 7 гр-дан асатын күшті психотроптық зат – тетрагидроканнабинол және оның изомерлері табылды.

Бір фигуранттың пәтерін тінту барысында наркотикалық заттар, сондай-ақ орау материалдары мен таразылар табылды.

Соттың шешімімен екі фигурант кінәлі деп танылып, 8 және 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Осы жылдың басынан бері АФМ контрабанда және наркотиктердің заңсыз айналымы бойынша 116 қылмыстық істі тіркеді. 57,3 кг наркотикалық заттар, 1,7 кг психотроптық заттар, анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және «Тропикамид» көз тамшылары – 1 680 дана тәркіленді.