Оның айтуынша, виза осы айдан бастап күшіне енді және шетелдік мамандарды тартуға арналған. Өтінішті онлайн беруге болады, ал Қазақстанға келгеннен кейін шетелдіктерге тұру ықтиярхатын рәсімдеу үшін сыртқы істер министрлігіне құжаттарын тапсыру қажет.
«Виза шетелдік мамандарға онлайн беріледі, ал Қазақстанға келгенде олар тұру ықтиярхатына өтініш бере алады. Құжаттарды сыртқы істер министрлігі арқылы тапсыру керек. Бұл визаның бір түрі», — деді ол.