zakonkz.com

Уақытында өтелмеген қарыз шетелге шығуды шектейді.

Сот әкімшілігінде борышкерлердің шетелге шығуымен байланысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Уақытында өтелмеген қарыз шетелге шығуды шектейді.

Іс-шараға облыстық және оларға теңестірілген соттардың азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары, Бас прокуратураның, әділет және денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері, СА-ның аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

Іс-шара сот орындаушыларының Қазақстаннан шығуға уақытша шектеу қоюға қатысты сот шешімдерін санкциялау тәжірибесін талдаудың нәтижесінде бастамашылық етілді.

Шығуға шектеу, әдетте, үш айдан астам мерзімі өтелмеген 147 мың теңгеден (40 МРП) жоғары борышы бар адамдарға қойылады. Шығуға шектеуді тоқтату үшін жалғыз негіз – шетелде емделу қажеттілігі.

Талдау нәтижелері ағымдағы жылдың 10 айында 1 768 шешімнің 867-іне санкция берілмегенін, яғни соттарға енгізілгендердің әр екіншісіне, көрсетіп отыр. Санкция бермеу қажеттіліктің шетелде емделуді дәлелдемеуі және өз елінде емделу мүмкіндігінің болмауымен байланысты.

Сот орындаушылары заңмен белгіленбеген негіздер бойынша (сапар, жарыстарға қатысу, жақын туыстардың жерлеуі және т.б.) шығуға уақытша шектеу қою туралы шешімдер шығарған фактілер болды.

Борышкерлер шетелге емделу үшін шығу негіздері ретінде Қазақстанда сәтті емделетін ең кең таралған ауруларды (остеохондроз, гастрит, артрит, пульпит және т.б.) көрсетеді.

Бұл жағдай Қазақстанда емделуге қажетті технологиялар мен жабдықтар жоқ аурулар тізімінің болмауымен байланысты. Уақытша шектеулердің мерзімдері де реттелмеген.

Нәтижесінде, борышкерлер көбінесе құқықтарын теріс пайдаланып, мемлекеттік бюджетке және алименттерге қатысты көп миллиондық өтелмеген борыштары болса да, оларға қойылған шектеулер мен тыйымдарды «айналып өтеді».

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар арасындағы борышкерлер туралы ақпарат алмасу жүйелері жеткілікті түрде интеграцияланбаған. Бұл мәселе сот орындаушыларына шығарылған құжаттардың орындалуын бақылауға мүмкіндік бермейді.

Талқылаудың нәтижелері бойынша осы саладағы кемшіліктер мен олқылықтарды жою үшін кешенді ұсыныстар әзірленді, олар уәкілетті органдарға жіберілді.