Бұрынғы ұлттық команда ойыншысы Евгений Аверченко Sports.kz-ке Али Алиевтің Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы етіп тағайындалуы туралы пікірін білдірді.
— Қазақстан құрамасын жергілікті маман басқаруы қажет еді. Алиев — жастар қатарындағы бапкер, Премьер-Лиганың тәжірибесі бар. Ол қазақстандық футболдың "асханасын" жақсы біледі, барлық ойыншыларды көзбен көрді. Алиев жетістікке жетуге толық қабілетті. Ең болмағанда, нашар болмайды, — деді маман.
Айта кетейік, Алиевтің бапкерлік мансабында «Ордабасы», «Қызылжар», «Шахтер», «Астана» жастар құрамасы және «Женис» командасында жұмыс істеген.
Алиевтің Қазақстан құрамасындағы ассистенттері — ұлттық командада ойнаған бұрынғы ойыншылар Нурбол Жумаскалиев пен Елдос Ахметов болады.
Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық клубтың негізгі құрамында дебют жасады