Мемлекет басшысын әскери оркестрдің фанфарымен Премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды.
Құрмет қарауылдың басшысы қошемет рапортын берді, Қазақстан мен Венгрияның мемлекеттік гимндері шырқалды. Содан кейін құрмет қараулы мен атпен патрульдік гвардия салтанатты шеру өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды.