«Өркен қала» ЖШС директорының орынбасары Гульвира Абетова инвентаризация жүргізуді қамтамасыз ететін, кондоминимумдар бойынша есеп және деректер жинайтын жергілікті атқарушы органдардың рөлі туралы айтып берді, бірақ инвентаризация жүргізу жауапкершілігі кондоминимумдарды басқару органдарының өздеріне жүктеледі.
Инвентаризация барысында кондоминимумның барлық мүлкі: фасадтар, кіреберістер, вестибюльдер, залдар, дәліздер, баспалдақтар, лифттер, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы үй инженерлік жүйелері мен жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, көпқабатты үйдің астындағы жер учаскесі және үйге жанасатын жер учаскесі, абаттандыру элементтері және басқа да жалпы пайдалануға арналған мүліктер есепке алынады. Мұндай есеп жүргізу үйлердің күтімін жақсартуға мүмкіндік береді.
Гульвира Абетова инвентаризацияның қандай кезеңдерден тұратыны туралы да айтты және КТК-ның лифттерді, шатырларды, жылу пункттерін, өрт сөндіру жүйелерін капиталды ауыстыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы туралы сұраққа жауап берді.