2023 жылғы 18 қарашада энергетика министрлігі Теңізде жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлады. Техникалық жұмыстардың нәтижесінде екінші буын зауытында мұнай өндіру 28-30%-ға төмендеді, бұл тәулігіне 61-63 мың тоннаны құрайды.
Құрал-жабдықтарды тексеру барысында жергілікті коррозиялық зақымданулар анықталды. Ремонт жұмыстары биылғы жылдың 23 қарашасына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Теңізде 2024 жылдың тамызында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
«ҚазМұнайГаз» Теңіз жобасында 20% акцияға ие екені белгілі.
«ҚазМұнайГаз» басқармасының төрағасы Асхат Хасенов бюджетке зиян келмейтінін, өйткені Теңіз жоспардан жоғары мұнай өндіріп жатқанын айтты. Жыл бойы 27 млн тонна өндіру жоспарланған, бірақ көрсеткіштер одан да жоғары болды.
Ол бұл жағдайдың «драмалық емес» екенін және жалпы өндірудің төмендеуі жоқ екенін атап өтті. Қазіргі кезде мұнай өндіру тәулігіне 10 мың тоннаға төмендеді.
«Теңізшевройл» Қазақстандағы ең ірі мұнай және газ өндіруші компания.
Теңіз кен орны – әлемдегі ең терең мұнай кен орны (жоғарғы коллектордың тереңдігі 4000 метр). Оның қорлары 3,1 млрд тоннаны құрайды. 2024 жылдың бірінші жартысында мұнай өндірісі 14,4 млн тоннаны құрады.
ТШО-ның негізгі акционері американдық Chevron (50%). Сондай-ақ Exxon Mobil (25%), «ҚазМұнайГаз» (20%) және «Лукойл» (5%) жобада үлеске ие.