Есіңізге сала кетейік, Бейсебеков 2012 жылдан бері «Астана» құрамында өнер көрсетеді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстан чемпионатын жеті рет жеңіп, екі рет ел кубогын, бір рет Суперкубок пен Лига кубогын иеленді.
Сондай-ақ, 32 жастағы қорғаушы «Астана» ойыншысы ретінде Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және УЕФА Конференция Лигасының топтық кезеңдерінде де ойнады.