zakonkz.com

Kaspi Жұма 14, 15 және 16 ақпанда өтеді.

Көктем жақындап қалды! Бұл наурыз мейрамдары мен сәнқойлар, спортшылар, бақша өсірушілер және жылы мезгілді сүйетіндердің жаңа маусымының басталатынын білдіреді.
Kaspi Жұма 14, 15 және 16 ақпанда өтеді.

Барлық адамдар өздерін және жақындарын сыйлықтармен қуантуы үшін Kaspi.kz қайтадан халықтық тиімді сатып алулар мерекесін өткізеді!

Баршаға ұнайтын Kaspi Жұма 14, 15 және 16 ақпанда өтеді. Сатып алушыларды әртүрлі тауарларға арналған тиімді бағалар, жеңілдіктер мен Kaspi.kz серіктестерінің бонусы күтуде.

Көктемгі образ бен көңіл-күй қалыптастыру үшін киім, зергерлік бұйымдар, аксессуарлар, парфюмерия, косметика сатып алыңыз! Сонымен қатар, күнделікті өмірде жайлылық үшін – тұрмыстық техника, электроника, үй мен автокөлік үшін тауарлар және жүздеген мың басқа пайдалы заттар.

Мерекеде Adidas, ADILI, Alser, EuroMebel, EVRIKA, Казахювелир, Kari, KIMEX, Комфорт, Мечта, Mon Amie, Nike, Pandora, RESPECT, Tommy Hilfiger, Calvin Klein, Diesel, Sman, Sulpak, Technodom, Zeta, 1Fit және тағы басқа танымал дүкендер мен брендтер қатысады.

Kaspi Жұма – бұл тек сатып алушылар үшін ғана емес, Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін де мереке. Бар болғаны үш күнде көптеген кәсіпкерлер айлық табысын табады, өз бизнестерін дамытады және жаңа жұмыс орындарын ашады.