zakonkz.com

Қазақстан мен Бразилия көпжақты форматтар аясында байланыстарын нығайтуда.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Федеративті Республика Бразилияның елшісі Марселом Фортуна Биато мен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан мен Бразилия көпжақты форматтар аясында байланыстарын нығайтуда.

Кездесу барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

А. Рахметуллин биылғы жылы халықаралық аренада бразилиялық дипломатияның белсенді рөлін атап өтіп, Беленде өтетін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (СОР30) және Рио-де-Жанейродағы БРИКС саммиті сияқты алдағы іс-шаралардың сәтті өтуін тіледі.

Соңында тараптар екіжақты және көпжақты деңгейлерде өзара тиімді диалогты тереңдетуді жалғастыруға келісті.