zakonkz.com

Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су есептеу жүйесінің техникалық тапсырмасын әзірлеуді келісіп алды.

Осы мақсатта өзеннің бассейнінде 10 учаске белгіленген.
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су есептеу жүйесінің техникалық тапсырмасын әзірлеуді келісіп алды.

Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінде суды автоматтандырылған есепке алу үшін техникалық тапсырманы әзірлеуді келісіп алды, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығы су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің бассейні бойынша 10 учаскені анықтады, онда суды автоматтандырылған есепке алу жүйелері орнатылады. Оның 5-і ҚР аумағында, ал қалған 5-і, тиісінше, Өзбекстан аумағында орналасады.

Бүгінгі таңда тараптар халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізуде. Жоба бойынша жалпы техникалық тапсырманы Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) әзірлеуде.

«Айта кетейік, тек алғашқы 10 учаске анықталды. Жалпы алғанда, біз барлық негізгі гидропосттарды автоматтандыруды және суды есепке алуда толық ашықтықты қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені біз белсенді түрде көтеріп, қырғыз және тәжік әріптестерімізбен келіссөздер жүргізудеміз», – деп хабарлады су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.