Ласло Кёвермен болған әңгімеде Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрияға мемлекеттік сапарының екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы елдер арасындағы парламенттік өзара әрекеттің рөлін ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыттағы бірлескен күш-жігер сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге жаңа серпін беретініне сенімді екенін білдірді.
Мемлекет басшысы білім беру және жоғары оқу орындары арасындағы алмасуды нығайтудың маңыздылығын жеке атап өтті.
Венгрия Мемлекеттік жиналысының төрағасы Қазақстан Президентіне парламенттік өзара әрекетті дамытуға көрсеткен толық қолдауы үшін алғыс айтып, оны одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдетудің қажеттілігі туралы айтты.
Әңгімелесушілер халықаралық жағдай бойынша пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ласло Кёвер Венгрия Парламентінің ғимаратына бірлескен экскурсия жасады.