Есепте оның тек ақпараттық сипаты бар екендігі атап өтілген және болған оқиғаға кім кінәлі екенін анықтамайтыны айтылған. Мәліметтер барлық материалдарды талдау аяқталғаннан кейін өзгеруі мүмкін, ал түпкілікті есеп кейінірек жарияланады.
Құлау туралы мәліметтер
Трагедия Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде болды. Баку – Грозный бағытына ұшып шыққан Embraer ұшағы төтенше қону жасамақ болып, апатқа ұшырады. Бортта 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.
Тергеуді Қазақстан жүргізіп, оған Әзербайжан, Ресей және халықаралық сарапшылар қатысуда. «Қара жәшіктер» алынып, декодтаудан өтуде. БАҚ-та катастрофа Ресейдің әуе қорғаныс құралдарының жұмысы нәтижесінде болуы мүмкіндігі талқылануда.
Ресей президенті Владимир Путин көңіл айтып, кешірім сұрады, трагедияның Ресейдің әуе кеңістігінде болғанын атап өтті. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақтың сырттан зақымданғанын және оның басқаруы радиоэлектрондық күрес құралдары арқылы бұзылғанын мәлімдеді.
Бортта 42 Әзербайжан азаматы, 16 Ресей азаматы, 6 Қазақстан азаматы және 3 Қырғызстан азаматы болған. Тірі қалғандар – Әзербайжан, Ресей және Қырғызстаннан келген жолаушылар. Құтқарылғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.