zakonkz.com

Қазақстан Солтүстік Македония елшісімен жылы қоштасты.

Солтүстік Македонияның елшісін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жылы қарсы алды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан Солтүстік Македония елшісімен жылы қоштасты.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Солтүстік Македонияның елшісі Сали Лиманиді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуымен құттықтады.

Қазақстандық дипломат С. Лиманиге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеудің атынан алғыс хат табыс етіп, Солтүстік Македония елшісінің Қазақстандағы екіжақты саяси және сауда-экономикалық қатынастарды дамытудағы маңызды үлесін атап өтті. Әсіресе, 88 жылдық тарихы бар танымал «Alkaloid» фармацевтикалық компаниясының Қазақстан нарығына сәтті шығуы және Солтүстік Македония делегациясының Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуы ерекше атап көрсетілді.

Сұхбаттастар екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гордана Силяновска-Давкова арасындағы COP29 аясындағы Бакуда өткен кездесуінің екіжақты қатынастарға айтарлықтай серпін бергенін, сондай-ақ Солтүстік Македония жетекшісін келесі жылы Қазақстанға сапармен шақыруды атап өтті. Биыл Солтүстік Македониядағы Қазақстан Елшілігінің ашылуы екіжақты қатынастардың тереңдеуіне ықпал ететініне сенім білдірілді.

Кездесудің соңында Р. Василенко С. Лиманиге алдағы қызметінде табыс тіледі.

Өз кезегінде, Астанада төрт жыл табысты еңбек еткен Солтүстік Македония елшісі Қазақстан тарапына жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғасуына үміт білдірді.