Екі жаңа Қазақстанның құрметті консулдығы Хорватияның Опатия қаласында, консульдық округі Приморско-Горанская және Истрия облыстарын қамтитын, және Сплитте (Сплитско-Далматинская область) ашылды. Салтанатты ашылу рәсімдері Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Ақылбек Камалдиновтың, ҚР құрметті консулдары Зоран Маржич пен Круно Пероньяның, жергілікті билік өкілдерінің, сондай-ақ Хорватияның үш ірі өңірінің бизнес және қоғамдық орта өкілдерінің қатысуымен өтті.
Өз сөзінде А. Камалдинов Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалар аясында құрметті консулдықтардың ашылуы қазақ-хорват ынтымақтастығының дамуына әрі қарай серпін беретінін атап өтті. Құрметті консулдықтардың жұмысының негізгі басымдықтары Қазақстан азаматтарына қолдау көрсету, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту болады.
Опатиядағы құрметті консул Зоран Маржич «Tramontana Volosko» компаниялар тобының жетекшісі, табысты және тәжірибелі кәсіпкер. Ашылу салтанатында ол қатысушыларға құрметті консулдық Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстанның өңірлері мен Хорватияның Истрия және Приморско-Горанская жупандықтары арасындағы экономикалық, мәдени және туристік салалардағы өзара тиімді қатынастарды кеңейту үшін бастама болатынына сендірді.
Сплитте құрметті консулдықтың ашылуы аясында қазақ дипломаты «Сплит – динамикалық түрде дамып келе жатқан туристік орталық қана емес, сонымен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін перспективалы өңір» екенін атап өтті. Жаңа Қазақстанның құрметті консулдығын басқаруға тағайындалған К. Пероньяға экзекватура – құрметті консулдың міндеттерін толыққанды орындауға мүмкіндік беретін құжатты табыстаған қазақ дипломаты, оның Қазақстан мен Хорватия арасындағы достық және ынтымақтастық қатынастарын нығайту мен дамыту жолында толық берілгендікпен жұмыс істейтініне сенім білдірді.
Қазақстан тарапына көрсетілген бастама үшін алғыс білдірген Опатия, Риека және Сплит қалаларының мэрлері құрметті консулдықтардың қызметіне толық қолдау көрсететіндерін айтты.
Сонымен қатар, өткен шаралар аясында Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы мультимедиялық презентация ұйымдастырылды.
Приморско-Горанская облысында Қазақстанмен белсенді жұмыс істейтін ірі фармацевтикалық компаниялар, мысалы, «JGL d.d.» орналасқан. Сонымен қатар, мұнда жыл сайын 2 млн тоннадан астам қазақстандық мұнай түсетін Омишаль мұнай терминалы орналасқан. Сплит Хорватияның екінші ірі қаласы, елдің туристік орталығы, сонымен қатар IT индустриясы мен кеме жасау саласы белсенді дамып келеді.