zakonkz.com

Қазақстандық азаматты «Чат Рулеткада» ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жазалады.

Ақмола облысында «Чат Рулетка» онлайн платформасының пайдаланушысы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Bizmedia.kz.
Қазақстандық азаматты «Чат Рулеткада» ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жазалады.

Ақмола облысының тұрғыны интернеттегі «Чат Рулетка» платформасын пайдаланып, мас күйінде басқа ұлттың өкілін балағаттап, тіл тигізген.

Сараптама оның сөздерінде ұлттық араздықты қоздыру және басқа ұлттың өкілдеріне қатысты қорлау белгілері барын растады.

Ақмола облысының Астрахан аудандық прокуратурасы ұлттық араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс бойынша ашық сот процесін өткізді. Сотта айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі күшіне енді.