Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Марокко Корольдігі Үкіметі арасында ұлттық/жалпы азаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы" үкімет қаулысының жобасын әзірлеуге кірісті.
Аталған қаулы жобасы "Ашық НПА" порталында жарияланды.
"Жобаның қабылдануы Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамытуға, ұлттық/жалпы азаматтық паспорт иелерін визалық талаптардан өзара босатуға мүмкіндік береді", - делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.
Құжат жобасы 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Өткен жылдың жазында Қазақстан мен Марокко азаматтарды визалық талаптардан өзара босату туралы келісімді қарастырып жатқаны туралы хабарланған болатын.
Сол кезде тараптардың азаматтары визалық талаптардан босатылып, екінші тараптың аумағына кіру, шығу, транзит және уақытша болу үшін ұлттық/жалпы азаматтық паспорттардың негізінде, әрбір болу мерзімі 180 күндік кезеңде 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қазанында Қазақстан мен Макао САР арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды NUR.KZ ҚР СІМ сілтеме жасап.
2024 жылдың 20 қарашасында үкімет қаулысымен Сент-Китс және Невиспен қысқа мерзімді сапарлар үшін визадан босату туралы бұрын жасалған келісім бекітілді.
Өткен жылдың шілдесінде біз қазақстандықтар Тайландқа визасыз баруды жалғастыратыны туралы жазған болатынбыз: Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Тайланд Корольдігімен келісім жобасын әзірледі.
Қазақстанның визасыз режимі бар елдердің толық тізімі "Электронды үкімет" ресми сайтында жарияланған.