Негізгі сома корпоративтік табыс салығынан (11,1 млрд теңге) және ҚҚС-тан (5,2 млрд теңге) құралды, олар республикалық бюджетке қосылды. Жергілікті бюджеттерге компания мүлік салығы ретінде – 10,1 млрд теңге, қызметкерлердің табыстары үшін – 8,1 млрд теңге, сондай-ақ әлеуметтік салық ретінде 6,5 млрд теңге төледі.
2019 жылдан бастап салық органдары компанияларды тәуекел деңгейі бойынша бағалайды: төмен, орташа және жоғары. «ҚазТрансОйл» төмен тәуекел категориясына жатқызылды, бұл оның сенімділігі мен салық міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарауын көрсетеді.