19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Дамир Елубаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына «Қайсар» командасына қосылды, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дамир – жергілікті футболшы. Футболдағы алғашқы қадамын «Қайсар» футбол орталығында бастады. Кәсіби ойыншы ретінде «Астананың» жастар командасында өнер көрсетті. Қазақстанның жастар құрамасына кандидат. Елубаевтың «Астана» командасындағы 16 матчында 3 голы бар, сонымен қатар Екінші лигада 13 матч және 1 голмен ерекшеленеді.