«КазМунайГаз» Shell және Chevron компанияларымен геологиялық ақпаратты пайдалану құқығы бойынша келісімшарттар жасасты. Бұл ұлттық компанияға сейсмикалық зерттеулердің нәтижелерін тиімді пайдаланып, бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі КМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада «КазМунайГаз» басқармасының төрағасы Асхат Хасенов Shell концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті Али Аль-Джанаби және Chevron корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директордың орынбасары Дилан Морганмен кездесті.
«Біз әлемнің жетекші энергетикалық компанияларымен серіктестік геологиялық барлаудың дамуына жаңа серпін беретіндігіне және жаңа технологиялар мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға көмектесетініне сенімдіміз», - деді Асхат Хасенов.
Серіктестермен ынтымақтастық «Мугоджар» жобасының перспективаларын бірлесіп зерттеуге бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қазанында «КазМунайГаз» «Мугоджар» жаңа кеніш жобасын бірлесіп іске асыру үшін стратегиялық серіктес іздейтінін жариялады. Мугоджар Оңтүстік және Мугоджар Солтүстік учаскелері Мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына енгізілген және ұлттық компанияларға минералды ресурстарды пайдалану құқығын беру үшін барлау мен өндіруге арналған аумақтар тізіміне кіреді.