СГО-ның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Сардар А» екінші кезеңнің жеңімпазы атанып, тапсырманы 00:53:39 минутта орындады. Команданы алда тағы үш жарыс күні/кезеңдері күтіп тұр.
1-5 ақпан аралығында Дубайда өтетін турнирде мемлекеттік күзет қызметінің арнайы бөлімшесі «САРДАР» екі командасы — «Сардар А» және «Сардар Б» қатысуда.
Бұл жарияланымды Instagram-да қарауЖарияланым ҚР МКҚ | СГО РК (@sgork_official)
Екі күннің қорытындысы бойынша жалпы есепте Ішкі істер министрлігінің «Сункар» командасы екінші, СГО-ның «Сардар» командасы үшінші орында.
The UAE SWAT Challenge — күш құрылымдарының арнайы бөлімшелері арасында өтетін бейресми әлем чемпионаты. Оны «Спецназ Олимпиадасы» деп те атайды. Биылғы жылы жарыстар алтыншы рет өткізіліп жатыр. Командалар тактикалық жарыстар, шабуыл жарыстары, офицерлерді құтқару, биік мұнаралар бойынша жарыстар және кедергілер жолағы сияқты категорияларда қатысады.