Саудиялық «Аль-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабының басында неге лиссабондық «Спортингтен» каталондық «Барселонаға» ауысқанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Мен лиссабондық „Спортингте“ ойнаған кезде „Барселонаға“ ауысуым мүмкін болды. Олар мені сатып алғысы келді. Бұл болмады, себебі олар мені сатып алып, келесі жылы алып кетуді жоспарлады. Ал „Манчестер Юнайтед“ мені бірден алып кетті», — деп келтіреді Роналду сөздерін La Sexta.
39 жастағы Роналдудың саудиялық клубпен қол қойылған еңбек келісімі 2025 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтық құны € 12 млн.