«2030 жылға дейін атом электр станциясының құрылысы жобасы бойынша жұмыс орындары шамамен 5 мың адамды қамтиды, ал 2032 жылғы құрылыс кезеңінде бұл көрсеткіш 10 мың адамға дейін жетеді. Эксплуатация кезеңінде жоба кемінде 2000 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді», — деді Саткалиев.
Оның айтуынша, АЭС құрылысына қолдау көрсету үшін отандық колледждерде атом электр станцияларына персонал дайындау үшін арнайы мамандықтар енгізіледі. Олардың қатарында дозиметрист, паротурбиналық жабдықтарды жөндеу слесары, атом станцияларындағы механикалық жабдықтарды қызмет көрсету және жөндеу маманы, атом станцияларындағы ақпараттық технологиялар саласындағы маман және т.б. бар.
«Электротехникалық колледждермен тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыруды ведомстволық ұйымдар — Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институты жүзеге асырады, олар ядролық мамандықтар бойынша колледж студенттерінің өндірістік тәжірибесі үшін база болып табылады», — деп мәлімдеді министр.