zakonkz.com

Биржада доллардың бағасы 527 теңгеден жоғары сатылуда.

Астанадағы айырбастау пункттерінде американдық валютаның максималды сату курсы 537 теңге болса, Алматыда - 535,5 теңге болды.
Биржада доллардың бағасы 527 теңгеден жоғары сатылуда.

8 қаңтарда Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 11:00-дегі орташа доллар бағамы 527,08 теңге болды. Бұл туралы Kapital.kz бизнес ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды.

kurs.kz мәліметтері бойынша, Астанадағы айырбастау пункттерінде американдық валютаның максималды сату бағамы 11:03-те 537 теңге, Алматыда – 535,5 теңге болды.

8 қаңтардағы Ұлттық банк тарапынан белгіленген ресми курс 1 доллар үшін 527,30 теңгені құрайды. Келесі күні доллар мен теңгенің ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижелері бойынша анықталады.