Қазақстан қор биржасында (KASE) 26 ақпанда сағат 11:00-да доллардың орташа бағамы 501,31 теңге болды. Бұл туралы Kapital.kz ақпараттық орталығының тілшісі хабарлайды.
kurs.kz мәліметі бойынша, Астана қаласындағы валюта айырбастау пункттерінде америкалық валютаның максималды сату бағамы 11:03-те 507 теңге, Алматыда – 506 теңге болды.
26 ақпанда Ұлттық банктің ресми бағамы 1 доллар үшін 498,69 теңгені құрайды. Келесі күні доллардың теңгеге қатысты ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша анықталады.