zakonkz.com

Биржада доллардың бағасы 503 теңгеден жоғары сатылуда.

Астанадағы айырбастау пункттерінде америкалық валютаның ең жоғары сату курсы 507 теңгені, ал Алматыда 505 теңгені құрады.
Биржада доллардың бағасы 503 теңгеден жоғары сатылуда.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы 27 ақпанда 11:00-де 503,11 теңге болды. Бұл туралы Kapital.kz бизнес ақпараттар орталығының тілшісі хабарлайды.

kurs.kz мәліметтері бойынша, Астанадағы айырбас пункттерінде американдық валютаның сату бойынша максималды бағамы 11:15-те 507 теңге, Алматыда – 505 теңге болды.

27 ақпандағы Ұлттық банктің ресми бағамы 1 доллар үшін 502,28 теңге құрайды. Келесі күні долларға қатысты теңгенің ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижелері бойынша белгіленеді.